Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

H5N5 түріндегі құс тұмауынан алғашқы адам өлімі тіркелді

H5N5 түріндегі құс тұмауынан алғашқы адам өлімі тіркелді
ашық дереккөзден

АҚШ-та H5N5 штамы бойынша құс тұмауынан адамның қайтыс болуы алғаш рет тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай Вашингтон штатында болған. Қаза болған адам жасы үлкен әрі созылмалы аурулары бар науқас болғаны анықталды.

Штаттың Денсаулық сақтау департаменті марқұмның үйінің артқы ауласынан әртүрлі түрдегі бірнеше үй құсы табылғанын мәлімдеді. Отбасы мүшелерінің жеке деректері жарияланбаған.

АҚШ-та соңғы бір жарым жылда адамдарға жұғу деректерінің барлығы H5N1 штамымен байланысты болса, бұл оқиға – H5N5 вирусының алғаш рет адамнан анықталуы. Бұған дейін H5N5 тек жануарлар арасында ғана кездескен.

Соған қарамастан, денсаулық сақтау органдары жұқтыру қаупі төмен екенін айтып отыр. Науқаспен байланыста болған адамдар тексеріліп, ешкімнен вирус табылмаған. Сонымен қатар H5N5-тің адамнан адамға жұғуы дәлелденген жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер