Ғылыми жұмыс 8 сынып Қазақтың ши тоқу өнері
07.01.2019
17:40
0
7

Бағыты: Технология Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: 8 сынып
Жамбыл облысыТ.Рысқұлов ауданы№7 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі КММ
Зерттеу жұмысыТақырыбы:«Қазақ халқының ши тоқу өнері»
Жұмыстың авторы: Сағындық Хадиша.8-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Ақбұзауова Феруза Жарлапесқызы.Технология пәнінің мұғалімі.
2019 жыл.
АННОТАЦИЯ
Біздің ата - бабаларымыз ерте кезден табиғи материалдарды күнделікті тұрмыста қолдануды білген. Шикізатты экологиялық таза аймақтардан жинау, бүлдірмей сақтау, олардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау ісін біздің ата-бабаларымыздан артық білетін халық жоқ десек дұрыс шығар. Бұл зерттеу жұмысы қазақ ұлтының қолөнер туындыларын насихаттаудың бір жолы ғана. Қазіргі заманда қолданылатын әрбір бұйымдардан қазақ халқының ұлттық нақыштары көрініс тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Сол арқылы қазақ халқы басқа халықтарға өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, олармен теңесе алады. Осындай жұмыстар келешекте қолөнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз.
АННОТАЦИЯ
Наши предкие с давних времен умели использовать в быту природные материалы. Даже можно сказать, что лучше них никто не знал, как собирать сырье с экологически чистых мест, хранить их и сделать из них необходимые в быту предметы. Эта исследовательская работа является частицей пропоганды казахских национальных ремесленных произведении. Будеть правильно, если в современных изделиях будет присутствовать национальные стили. Благодаря им казахский народ может показать себя достоино и быть полноправным. В будущем такие работы помогуть воспитать поколение, которые будут показать себя в ремесленном искусстве.
ANNOTATION
Our grandparents knew, early time natural materials applied in daily way of life. To collect raw materials from the clear regions, to keep them, and to make necessary object for our life our grandparents have known ancient time. I think that national styles people of Kazakh found each objects, that are used on nowadays epoch, spectacle. According to this way people of Kazakh specified on high level and they can equal other people. In future industry of handicraft to bring up students and citizens. КІРІСПЕҒылыми жобаны зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасыр - дамыған заман. Бірақ та ұлттық өнерді үйрену, ата - кәсіппен айналысу бүгінгі күннің басты мақсатының бірі. Ұлтымыздың шеберлігін қастерлеу, іскерлікке дағдылану барлық адамның міндеті. Ши тоқу өнері бұрын киіз үймен байланысты көрінетін. Енді қазіргі заман талабына сай күнделікті шиді сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болады. Ши тоқуды жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті өмірде пайдалануға болады. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа халықтарға көрсете аламыз. Шеберлер қолынан шыққан заттар қашан да маңызды. Сондай қол өнеріміздің бірі - ши тоқу өнері. Ши тоқу – ата-бабаларымыздан қалған кәсіп. Нағашы әжемнің айтуынша бұрындары, яғни ол кісінің бала кезінде ауылдағы әрбір үйдегі әжелер, апалар, қыздар, жас балалар ши тоқу өнерін білген екен. Зерттеушілердің пікірінше бұл өнер ХV ғасырдан бастап дамыған. Ши тоқудың қазақтардың өмірінде ерекше маңызы болған. Ата-бабамыз табиғаттағы әрбір өсімдікті өз керегіне жаратуды білген, оны ұрпақтарына үйретіп отырған екен. Сол дәстүрмен нағашы әжем мен анамның арқасында мен де ши тоқу өнерімен таныстым. - Ши қалай тоқылады? - Оны біз неге пайдаланбаймыз? - Қазіргі кезде осы жайлы барлық адам біле ме? Осылар жайлы білгім келді, сол себепті сұрақтарыма жауап іздей келе, ғылыми жұмысқа кірістім. Соның ішінде «Қазақтардың ши тоқу өнерін» зерттеу менің жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдық:1. Осы тақырыпқа байланысты әдебиеттер қарастырып, талдау жасау;2. Шикізаттың дайындалу және шидің тоқылу жолдарын үйрену;3. Тоқылған шиді қазіргі кезде күнделікті өмірде пайдалану жолдарын қарастыру.Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Халқымыздың қолданбалы өнерін үйреніп, технологиялық білімді теориялық саралану тұрғыдан тұжырымдау. Шиден тоқылған туындыларды жасау арқылы ежелден келе жатқан қазақ халқының қолөнерін жандандыруға үлес қосу. Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.Ғылыми жобаның гипотезасы: Шидің қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою - өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту. Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:1. Ши тоқудың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.2. Ши тоқудың түрлерімен танысу.3. Жинаған әдебиеттерді талдау.4. Ши тоқудың сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.5. Көненің көзін көрген қариялармен, мектеп оқушыларымен сұхбаттасу арқылы ши тоқу жайлы мәлімет алу.6. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.Ғылыми жобаның зерттеу болжамы:
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет. МАЗМҰНЫ: | ||
АННОТАЦИЯ ....................................................................................... | 3 | |
КІРІСПЕ ................................................................................................ | 4 | |
1. Қазақ халқының ши тоқу өнері жайлы жалпы мәлімет ...... | 6 | |
2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы ............................... | 11 | |
3. Шидің тоқылу технологиясы ............................................. | 15 | |
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................... | 20 | |
ҰСЫНЫС .............................................................................................. | 21 | |
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР .................................................................. | 22 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ ..................................... | 24 |
- Халық қолөнерін оқып үйренуде технологиялық білімдері қалыптасады, егер;
- Шығармашылық ізденіс барысында технологиялық білімінің мазмұны ашылса;
- Қоғамдағы еңбектің рөлін түсінсе;
- Өз ауылындағы, туыстары мен жақындарының өнер туралы ұғымдарын ұштастырса;
- Тұрмыстағы көріксіздікті сезіне білсе.
- Шиден жасалатын заттар:
- Ақ ши күрке терезе жапқыш
- Киіз басатын ши
- Алаша ши күзу шиі ши қора
- Кілем ши
- Ас шиі қазан жапқыш ши есек
- Аяқ қап қар ұстағыш ши қалпақ тұс ши
- Ау қабырғалық шом
- Есек масахана шыны қап өре ши, саба төсеніш, шыпта ши, ораулы ши т.б
- Ши тоқу өнері бойымдағы шыдамдылық, ептілік, ұқыптылық сияқты қасиеттерді дамытты.
- Ши тоқу арқылы сұлулыққа деген жаңа қөзқарас пайда болды.
- Нәтижесінде үйге сәндік дүние түрлі суреттер бейнеленген паннолар тоқып ілінеді.
- Болашақ мамандығымды анықтауыма жол ашылды.
- Мұражайлар
- Қонақ үйлер
- Қарапайым тұрмыстық үйлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ