«Қайрат» футзал клубының жаңа бас бапкері болып Густаво Парадеда тағайындалды. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Густаво - клуб тарихындағы ерекше азаматтардың бірі болды. Ол 2004-2009 жылдары «Қайрат» сапында Еуропадағы алғашқы тарихи жетістіктерге қатысып, UEFA футзал кубогының қола жүлдегері атанды.
Соңғы жылдары клуб жүйесінде спорт директоры ретінде қызмет атқарды. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында қиын сәтте команданы қабылдап, «Қайратты» Қазақстан чемпионы атағына жеткізді.
- Густаво — «Қайраттың» рухын толық түсінетін адам. Ол бұл клубта ойыншы ретінде де, маман ретінде де көп жыл еңбек етті. Оның бойында нағыз қайраттық мінез бен жеңімпаздық рух бар. Өткен маусымда ол өте қиын кезеңде команданы қабылдап, чемпиондыққа жеткізді. Біз оған толық сенеміз және клубтың болашағын осы маманмен байланыстырамыз, - деді «Қайрат» футбол клубының президеніт. Қайрат Оразбеков.
Айта кетсек, бұдан бұрын бас бапкер Даниэль Жуниордың арасындағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті.
Даниэль Жуниор командаға осы маусымның басында келіп, «Қайрат футзалмен» бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды және УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін жетті.