НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Бұл лауазымды бұған дейін Қуанышбек Ысқақов атқарды, ол мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.