Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлайым Рахмонова енесінен балаларға тиесілі мүлік пен пәтерді қайтаруды талап етті

Гүлайым Рахмонова енесінен балаларға тиесілі мүлік пен пәтерді қайтаруды талап етті
Фото: ашық дереккөзден

Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде қайын енесіне ашық үндеу жасап, өзіне тиесілі пәтер мен балалардың мүлкін қайтаруды талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым әлеуметтік желіде қайын енесіне ашық түрде үндеу жасап, өзіне тиесілі пәтер мен балаларға арналған мүлікті қайтаруды талап етті.

Тиісті мәлімдемені ол Instagram парақшасындағы стористерінде жариялады. Гүлайым мәселені адвокат арқылы бейбіт жолмен шешуге шақырып, егер келісімге келмесе, жоғары органдарға жария түрде жүгінетінін айтты.

Оның сөзінше, жүктілігіне байланысты ұзақ уақыт үнсіз қалып, сабыр сақтаған. Алайда қазір балаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты жағдайды созуға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді. Әйел қаржы тапшылығынан балалардың қиын жағдайда қалғанын, тіпті дәрі-дәрмек алуға мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Жарияланымында ол қайын енесіне тікелей талап қойды.

"Осы уақытқа дейін құрсағымдағы балам үшін үндемей, сабырмен күттім. Шавкаттың анасы менің пәтерімді және балаларға тиесілі дүниені қайтарсын! Ұлымды қайтардым, енді менің пәтерімді қайтарыңыздар! Адвокатыммен байланысып, мәселені бейбіт түрде шешейік", – деп жазды Гүлайым.

Шавкат Рахмонов әйелімен татуласып, арызын қайтарып алды – Заңгер 

Сондай-ақ ол өзіне қатысты қорлайтын видеолар, жазбалар мен фотосуреттер бар екенін айтып, жауап болмаған жағдайда тиісті орындарға жүгінетінін ескертті.

"Сіздердің кесірлеріңізден балалар аш отыр, дәрі-дәрмек те ала алмай отырмыз. Ертең байланысқа шығасыздар деп үміттенемін. Егер шықпасаңыздар, тиісті жерлерге жария түрде жүгінемін. Мені бақылап, бәрін оқып отырғандарыңызды білемін", – деді ол.

Даулы мәлімдеме спортшының отбасындағы ауыр оқиғалардан кейін жарияланды. Шавкат Рахмоновтың әйелі мінген көлік апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқан еді. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Рөлде спортшының әйелі болған.

2026 жылдың наурыз айында Гүлайым Рахмонова UFC спортшысы Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын хабарлап, ажырасудан кейін балалардың тәрбиесі тек өз мойнына қалғанын айтқан еді. Сол кезде ол жастары 2 мен 9 аралығындағы төрт баланы тәрбиелеп жүрген және бесінші баласына жүкті болған. Мамыр айында ол бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Ал Шавкат Рахмонов бұл отбасылық жанжалға қатысты әзірге көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.

Жағдайды Гүлайым Рахмоноваға қатысты сот ісі де күрделендіріп отыр. 2026 жылғы 27 наурызда Тараз қаласының соты оны Алматы – Екатеринбург тасжолында болған, екі құрбысының қазасына әкелген жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды. Сот оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанымен, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды.

Осы жағдайлар аясында Шавкат Рахмоновтың спорттық мансабы да уақытша тоқтап тұр. Жаттықтырушыларының мәліметінше, спортшы жарақатының қайта асқынуына және ұзақ оңалту кезеңіне байланысты үздік 15 спортшының қатарынан шығып қалған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.