Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Грант иегері атанған талапкерлер желіде алғашқы әсерлерін бөлісті (видео)

Грант иегері атанған талапкерлер желіде алғашқы әсерлерін бөлісті (видео)

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру гранттарының көптен күткен тізімін жариялады. Нәтижелер шыққан сәттен бастап әлеуметтік желілер қазақстандық талапкерлердің қуанышқа толы сәттері түсірілген видеолармен толып кетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолданушылары қуанышты хабарды естіген сәттегі шынайы әсерлерін қысқа видеолар арқылы бөлісуде. Кадрлардан қуаныштың көз жастарын, қобылжумен аралас күлкі, жеңілдік пен қуанышқа толы құшақтасу сәттерін көруге болады.

Талапкерлердің көпшілігі нәтижелерді ата-анасымен, бауырлары немесе достарымен бірге қараған. Ал енді біреулер көргеніне бірден сене алмай, экранға ұзақ қарап қалған. 

Айта кетейік, грант тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық талапкер өтінім берген. Ресми мәліметке сәйкес, 77 мыңнан астам талапкерді грант иегері атанған. 

Еске салсақ, 7 тамыз күні 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жарияланған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.