"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкиннің қарымта кездесуде "Канелоны" жеңгенін дәлелдейтін видео жарияланды - новости Казахстана

Головкиннің қарымта кездесуде "Канелоны" жеңгенін дәлелдейтін видео жарияланды - новости Казахстана

YouTube-тегі Artorias Boxing арнасында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегінің видеосы жарияланды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sports.kz

Видео авторлары жекпе-жек барысында GGG мен "Канелоның" бір-біріне жасаған дәл соққылар санын санап шыққан.

Видео соңында жекпе-жектің жалпы статистикасы ұсынылған. Статистика бойынша, қазақстандық боксшы өз қарсыласына 208 дәл соққы жасаған, ал Альварес 123 соққы жасапты.

Еске сала кетейік, екінші жекпе-жекте жеңіс 115-113 ұпаймен мексикалық боксшыға берілген болатын. Ал бір төреші 114-114 есебімен тең түсті деп есептеп шығарған.

Боксшылар алғашқы кездесуде де тең түскен болатын.

Болашақта спортшылар үшінші рет жұдырық түйістіруі мүмкін.

Автор
Арман