"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады
Спорт

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 2019 жылдың көктеміне жоспарланған

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары – орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альварес пен  IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі. Үздік боксшылардың арасында жекпе-жек 2019 жылдың 4 мамырына жоспарланған.

Алдағы жекпе-жек туралы боксшылардың өздері мәлімдеді. Дегенмен қай қалада және қандай аренада өтетінін хабарлаған жоқ, деп жазды sports.kz. 

"Синко Де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы – Sputnik) қарсаңында келесі жекпе-жегімді өткізетінімді қуана хабарлаймын. Жеңімпаз атанатыныма күмән келтірмеймін, сонда орта салмақта  абсолютті әлем чемпионы атағына бар-жоғы бір қадам қалады", — деп мәлімдеді Сауль "Канело" Альварес.

Ал америкалық Дэниэл Джейкобс бұл кездесуді көп күткенін және жеңісті қолдан бермейтінін айтты.  

© AP Photo / Rich Schultz

Даниэль Джейкобс

"Бұл мүмкіндікті көп күттім. "Канелоны" жеңетініме әрқашан сендім, 4 мамырда оны дәлелдеуге мүмкіндік аламын", — деді Джейкобс. 

Айта кетейік, бұған дейін екі боксшы да бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық  Геннадий Головкинмен кездескен. 2018 жылдың қыркүйегінде  екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес GGG-ді жеңіп, барлық белбеуін тартып алды.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Санжар