ка

Головкиннің келесі жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі

28.03.2019 09:50
0
43
Головкиннің келесі жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі

Бұрынғы чемпионның командасы мүмкіндігі басым төрт локацияны қарастыруда: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес жәнеЛас-Вегас.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін қалалар белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

GGG шаршы алаңға маусым айында оралуды жоспарлап отыр. ExpressNews.com сайтының хабарлауынша, экс-чемпионның командасы мүмкіндігі басым төрт локацияны қарастыруда: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.

Аламо Сити Лестера Бедфордтан шыққан промоутердің айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) бұл таңдауда фаворит болып отыр. Себебі, Геннадий былтыр Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жекпе-жек өткізген болатын.

- Менің ойымша, Головкиннің жекпе-жегін өткізу үшін бізде жақсы мүмкіндік бар. Ақпарат апта аяғында нақты белгілі болады, - деді ол.

Головкиннің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы әлі белгісіз, бірақ мүмкіндігі басым үміткерлердің тізімінде поляк Камил Шеремет пен америкалық Брэндон Адамс бар.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


kaz.zakon.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий