KZNews.kz
Шоу-бизнес

Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды

Еркебұлан

Қазақстандық танымал боксшының алдағы жекпе-жегі Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Қазіргі таңда Геннадий Головкин Калифорния штатындағы SNAC System жаттығу залында дайындалып жатыр



IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық боксшы Камил Шереметпен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Boxingscene.com порталының хабарлауынша, боксшылар арасындағы жекпе-жек 28 наурыз күні АҚШ-тың Иллинойс штаты Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Ал кейбір дереккөздері кездесудің сәуір және мамыр айларынан кейін өтуі ықтимал екенін хабарлайды.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Қазіргі таңда Геннадий Головкин Калифорния штатындағы SNAC System жаттығу залында дайындалып жатыр. Жаттығу 10 күнге созылады. Қазақстандық боксшыны америкалық Джонатон Бэнкс жаттықтырады.


sputniknews.kz

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →