"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкиннің бапкері оның қашан басқа салмаққа ауысатындығын айтты

Головкиннің бапкері оның қашан басқа салмаққа ауысатындығын айтты

2018 жылғы 7 желтоқсан 10:01 40

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының қазіргі бабы, кәсіби мансабының мерзімдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бапкердің айтуынша, қазақстандық былғары қолғап шебері келер жылы екінші орта салмақ санатына ауысуы мүмкін.

«Ол 160 фунтта қала ма, 168-ге ауыса ма - көреміз. Оның екі-үш жылдық карьерасы бар, осы жылдарды барынша тиімді өткізуі қажет. Мен оның тағы да екі-үш жыл бокстасқанын қалаймын. Бастысы, Геннадийдің залдағы жаттығуларға бұрынғыдай ынтасы жоғары. Осы бетінен айнымаса, тағы да бес-алты жекпе-жекті ойдағыдай өткізе алады», - деді маман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Жоспар бойынша, Головкин 2019 жылдың көктемінде рингке оралуы тиіс. Бірақ әзірше қарсыласының кім боатындығы белгісіз.  

Автор
Жандос