"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкин Роллстан кейін қарсыласы кім болатынын мәлімдеді

Головкин Роллстан кейін қарсыласы кім болатынын мәлімдеді

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

"Канеломен" үшінші жекпе-жек 14 қыркүйекте өтуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен (52-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге шындап бекініп отыр, деп хабарлады Sports.kz.

"Егер маған Роллс ешқандай проблема тудырмаса, келесі жекпе-жегім қыркүйекте, Альвареспен өтеді", - деді Головкин.

Бұған дейін Геннадийдің промоутері Том Леффлер "Канеломен" жекпе-жек Мексика тәуелсіздігі күні тойланатын уақыт – 14 қыркүйекте өтуі мүмкін екенін айтқан еді.

Головкиннің 9 маусымдағы жекпе-жегі сайлау учаскелерінде көрсетіледі

Головкин мен Альварестің бірінші және екінші жекпе-жегі де қыркүйек айында – 2017 және 2018 жылдары өтті. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді.  


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан