Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек кейінге қалды: Отандасымыз пікір білдірді

Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек кейінге қалды: Отандасымыз пікір білдірді

  IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратамен өтуі тиіс жекпе-жектің кейінге қалуына байланысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы отандасымыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "Жапониядағы жекпе-жектің кейінге қалдырылғанына қатты қынжылып отырмын. Алайда адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында болуы керек. Мен шаршы алаңға мүмкіндігінше тезірек оралатын уақытты тағатсыздана күтетін боламын. Өздеріңізді күтіңіздер", - деді Генадий Головкин.

Айта кетейік, осыған дейін ESPN инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлаған еді. Оның мәліметінше, бұған коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты Жапония шекарасының жабылуы себеп болып отыр. Осылайша, WBA Super, IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек кейінге қалған.

Автор
Нұрсұлтан