KZNews.kz
Спорт

Головкин мен Кроуфорд рингке шыға ма?

Азамат Қойшығара
sports.kz

Британдық бұрынғы әлем чемпионы, WBA тұжырымы бойынша суперорта салмақтағы титул иегері Джордж Гроувс қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Терренс Кроуфордқа лайықты қарсылық көрсете алатынын мәлімдеді. Бұл туралы MMAnews порталы жазды.

Гроувстың айтуынша, егер Головкин рингке қайта оралса, бұл оқиға қазіргі бокстағы ең маңызды сәттердің біріне айналмақ. Ол Кроуфордтың абсолютті чемпион мәртебесіне қарамастан, салмақ дәрежесін ауыстыру кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Мен Кроуфордқа үлкен құрметпен қараймын, бірақ ол суперорта салмақтағы ірі әрі күшті қарсыластармен күресуде қиналуы ықтимал. Егер ол төменгі салмақтарға қайта түсе алмаса, дәл осы жағдайда Головкин оған лайықты қарсылас болар еді. Трипл Джи оған нағыз сынақ болар еді», — деді британдық боксшы.

Айта кетсек, Геннадий Головкин соңғы рет 2023 жылы жекпе-жек өткізген. Қазіргі уақытта ол «заманауи боксшылар» санатында Даңқ залына номинант атанған. Boxing Scene басылымына берген сұхбатында Головкин рингке қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтып, бұл тақырыптағы «құпиясын әзірге ашпайтынын» әзілмен жеткізген.

Мамандардың пікірінше, Головкин мен Кроуфорд арасындағы ықтимал айқас жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр және ол қазіргі бокс әлеміндегі басты оқиғалардың біріне айналуы мүмкін.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары