Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Головкин - Альварес" арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа дерек шықты

"Головкин - Альварес" арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа дерек шықты
The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер "GGG - Канело" арасындағы кездесу қай қалаларда өтуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды sports.kz сайты.

Дуглас Фишердің сөзінше, қазақстандық пен мексикалық боксшының арасындағы үшінші кездесу Нью-Йоркте немесе Далласта өтуі мүмкін.

Алайда бұл жекпе-жекті Лас-Вегас қаласы өткізгісі келсе, ешбір қала оның ұсынысын басып оза алмайды деген ойда.

Айта кетейік, Головкин мен "Канелоның" екі жекпе-жегі де Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен болатын.

Бірінші атақты боксшылардың бірінші кездесу тең есеппен аяқталса, екінші жекпе-жекте "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Алайда, қалың көпшілік мексикалық спортшының жеңісіне әлі де күмәнмен қарауда.

Автор
Бауыржан