Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Гитлердің туған күнін атап өткендер жазаланады

Гитлердің туған күнін атап өткендер жазаланады

Астана. 21 қаңтар. KAZISLAM – Польшада Адольф Гитлердің туған күнін ұйымдастырған 6 адамға қатысты сот басталды.  RMF FM жергілікті радиостансасының хабарлауынша, «Мақтаныш және қазіргі заман» ультраоңшыл тобының мүшелері Гитлердің туған күнін атап өтпек болған.

Оларға әсіреұлтшылдықты насихаттау, сондай-ақ әсіреұлтшылдықты қоғамға таныстыру және қару-жарақты заңсыз қолдану бойынша айыптар тағылған. Куәгерлер ретінде «салтанатты жиынға» қатысқан 60-қа тарта адам тартылуда. Неонацистерге қатысты тергеу 2018 жылдың басында TVN24 польшалық телеарнадан Гитлердің туған күнін өткізуге қатысты жасырын түсірілген бейнежазба көрсетілгеннен кейін басталды.

Гитлердің туған күнін мерекелеу орманда өткен. Ұйымдастырушылар фашистік туды іліп, нацистік марштар тыңдап, тіптен фюрердің құрметіне «альтар» құрып қойған.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Әлихан