Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Аргентина мен Барселона құрамаларының шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы кездесу барысында футболшыға өзінің қолғабын сыйлады. Айта кетейік, олар Барселонада ортақ демеушілері - әлемдегі алғашқы Finney блокчейн-смартфонының таныстырылымында кездесті.
Осыған дейін Головкиннің бала кезінде футболмен айналысқаны жайлы айтылған болатын. Қазақстандық боксшы 2016 жылы "Вест Хэм" футболшылары, бапкерлері және басшыларымен кездесіп, ағылшын командасының матчтарының бірін тамашалаған болатын.