Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Германия аумағына метеорит сынықтары түсті

Германия аумағына метеорит сынықтары түсті
Фото: 5VISION.NEWS/ IMAGO

Германияның батысында метеорит фрагменттерінің құлауынан бірнеше тұрғын үйге зақым келді, деп хабарлайды kznews.kz.

8 наурыз кешке Батыс Германияның көптеген тұрғыны аспандағы ерекше жарық құбылысын байқаған. Төменгі Саксония, Гессен, Рейнланд-Пфальц, Саар, Баден-Вюртемберг және Солтүстік Рейн — Вестфалия тұрғындары әлеуметтік желілерде видео мен фотолар жариялаған.

Полицияның жедел штабының мәліметінше, оқиға туралы алғашқы хабарламалар Кобленц қаласынан, сондай-ақ Хунсрюк және Айфель тау жоталары орналасқан Рейнланд-Пфальц аймағынан түскен.

— Кешкі уақытта Кобленц қаласының Гюльс ауданындағы тұрғын үйдің шатырына аспаннан зат құлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жетті, қазіргі уақытта қауіп жоқ, — деп полицияның хабарламасын dpa агенттігі келтіреді.

Ал AFP агенттігінің дерегінше, кейбір адамдардың жарақат алғаны туралы да мәлімет бар.

Кайзерслаутерн қаласының полициясы тұрғындардың «соңынан қысқа жалын жарқыраған ұшатын нысанды» немесе аспандағы жарқылды көргенін айтқанын мәлімдеді. Алғашқы болжамдардың бірі ретінде зымыранның ұшуы да айтылған. Алайда құқық қорғау органдары қауіпсіздікке қатер төндіретін белгілер жоқ екенін атап өтті.

Осыған дейін Қазақстан ғалымдары ғарыш қоқысын жоюдың жаңа тәсілдерін ұсынғаны туралы жаздық.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.