Сабақ тақырыбы: Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінд
Автор: Бозаева Нуркайша Жалгановна
Бағыты: Физика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-06
Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларға оптика заңдары, Күннің және Айдың тұтылулары, көлеңке, сағымның пайда болуы және жарықтың жылдамдығын өлшеу, жарықтың шағылу, сыну заңдары, жазық айна, сфералық айна туралы түсінік беру
Сабақ тақырыбы: Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінде анықтау. Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық және сфералық айналарСабақ мақсаты:
Материалды сайттан тегін жүктеу
- Оқушыларға оптика заңдары, Күннің және Айдың тұтылулары, көлеңке, сағымның пайда болуы және жарықтың жылдамдығын өлшеу, жарықтың шағылу, сыну заңдары, жазық айна, сфералық айна туралы түсінік беру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
- Ньютонның үшбұрышты призмамен жүргізген тәжірибесін айтып беріңдер.
- Қандай құбылысты дисперсия деп атаймыз?
- Толықтауыш түстер деп қандай түстерді айтамыз?
- Алғашқы түстер деген не?
- Кемпірқосақтың пайда болуын түсіндіріңдер.
- Қандай жарық табиғи, ал қандай жарық поляризацияланған деп аталады?
- Поляризациялағыштың талдағыштан айырмашылығы неде?
- Поляроидтар дегеніміз не?
- Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: жарық сәулесі біртекті ортада түзусызық бойымен таралады.
- Жарықтың тәуелсіз таралу заңы: жарық сәулелері бір-бірімен кездескенде әрқайсысының әрі қарай таралуына әсер етпейді.
- Жарықтың шағылу заңы: 1) (1) түскен сәуле, (2) шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) түсу бұрышы шағылу бұрышына тең.
- Жарықтың сыну заңы: 1) (1) түскен сәуле, (3) сынған сәуле, орталарды бөлетін шекарада сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады да, бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады, яғни
- Геометриялық оптика нені зерттейді?
- Жарық сәулесі дегеніміз не?
- Жарықтың түзу сызықты таралу заңы қалай тұжырымдалады?
- Жарықтың тәуелсіз таралу заңы қалай тұжырымдалады?
- Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
- Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңдар.
- Ферма принципін тұжырымдаңдар.
- Көлеңке деген не?
Жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!