Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Геннадий Головкиннің отбасында үшінші бала дүниеге келді

Геннадий Головкиннің отбасында үшінші бала дүниеге келді
Геннадий Головкин жанкүйерлерімен. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Қазақстанның кәсіби боксшысы Геннадий Головкин ұлды болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының дүниеге келуімен құттықтайды! Геннадийге және оның отбасына мықты денсаулық пен отбасының амандығын тілейміз! – делінген хабарламада.

37-ге таяған Геннадий Головкин зайыбы Алинамен бірге бұған дейін бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған еді. Ұлы 2009 жылы, қызы 2017 жылы туды. Геннадий мен Алина 2007 жылы шаңырақ құрды.

Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Геннадий Головкин Қазақстанға келіп, еліміздің жас боксшыларына қолдау көрсететінін айтқан еді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Әлихан