Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Гемоглобинін көтереміз деп ойлаған": Екі айлық сәби хиджамадан кейін қайтыс болды (ФОТО)

"Гемоглобинін көтереміз деп ойлаған": Екі айлық сәби хиджамадан кейін қайтыс болды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қырғызстанның Ош облысы құрамындағы Өзген ауданында хиджама (қан алдыру) жасалғаннан кейін екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, сәби 21 қаңтарда аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жаппай қан жоғалтып, постгеморрагиялық шок жағдайында болғанын анықтаған. Гемоглобин деңгейі қалыпты 110-120 көрсеткішінің орнына 43-45-ке дейін төмендеген. Реанимациялық шараларға қарамастан, сәби аман қалмады.

Ош облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 2025 жылғы 11 қарашада туған баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат аумақтық ауруханадан түскен. Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін баланың өліміне ықтимал себеп ретінде хиджама аталған. Бұл – теріге тілік жасап, вакуумды банкілер арқылы қан алу тәсіліне негізделген баламалы медицина әдісі. Алайда оның ғылыми тұрғыда дәлелденген тиімділігі жоқ және клиникалық хаттамаларға енгізілмеген.

Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін хиджаманың медициналық процедура ретінде лицензияланбағанын бірнеше рет ескерткен. Министрлік өкілдері бұл әдіс ауыр асқынуларға, соның ішінде жедел анемия мен қан арқылы жұғатын инфекцияларға әкелуі мүмкін екенін атап өткен. Елде хиджамадан кейін денсаулықтың нашарлауы мен өлім жағдайлары бұрын да тіркелген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер