Әрдайым көптің назарына ілігіп жүретін Ерке Есмаханның кезекті суреті желіні шулатты. Отандық танымал әнші "таңғажайып жаңалығы" бар екенін айтып, жұртты қызықтырып қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сәукеле киіп түскен суретін парақшасына жүктеген Еркені көпшілік тұрмысқа шығады деп болжады.
Оған әншінің жаңа жазбасы да себеп болған сыңайлы.
"Көктемнен көп үміт күтеміз. Көктем келгенде құлпырамыз. Сиқырлы осы көктем маған таңғажайып жаңалықпен келді. Аллаға шүкір!", - деп жазды ол.