Бір әйел қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды kznews.kz
"Газель" қарсы бағытқа шығып кеткен
Қостанай облысы ПД алдын ала мәліметінше, "Газель" жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "Лада Калина" көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көлік тізгініндегі әйел оқиға орнында көз жұмды. "Газель" жүргізушісі мен "Лада" жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Полиция шаршаған күйде көлік айдаудың қаупін ескертті
Сондай-ақ, полиция жүргізушілерге жолға шығар алдында тынығу керек екенін ескертті. Осыған сүйене отырып, "Газель" жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен деген болжам жасауға болады.
"Алыс жолға шығар алдында міндетті түрде ұйқыңызды қандырып, тынығып алыңыз. Егер ұйқыңыз келсе, шаршасаңыз немесе зейініңіз төмендесе – рөлге отырмаңыз немесе дереу қауіпсіз жерге тоқтап, демалыңыз. Қалай болса да жетемін деп тәуекелге бармаңыз. Бірнеше минуттық үзіліс сіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Рөлде отырғанда ұйқымен күресуге болмайды", - деді полицейлер.
Ведомство өкілдері ұйқысы қанбаған жүргізушінің жолдағы қаупі көлікті басқара алмай қалған жүргізушімен бірдей екенін атап өтті.