Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Газа секторында гуманитарлық көмек күткен 67 палестиналық қаза тапты

Газа секторында гуманитарлық көмек күткен 67 палестиналық қаза тапты

Израиль әскері солтүстік Газаға оқ жаудырды

Кемінде 67 палестиндік жексенбі күні Израиль әскерінің оғынан қаза тапты. Бұл туралы Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Kznews.kz жазады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жолы атыс гуманитарлық көмек тарату орталығының маңында болмаған, дегенмен, адамдар БҰҰ-ның азық-түлік тиелген жүк көліктерін күтіп, солтүстік Газада топтасып тұрған.

150-ден астам адам жарақат алды

Газа ауруханасы өкілдерінің айтуынша, кемінде 67 адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алған. Бұл қайғылы оқиға Аш-Шифа ауруханасының директорының айтуынша, Аль-Судания ауданында, Зиким бақылау-өткізу пункті арқылы жеткізілген гуманитарлық көмекке байланысты болған.

Израиль тарапы не дейді?

Израиль әскери өкілдері:

«Мыңдаған адамның жиналуы қауіп төндіргендіктен, солдаттар оқ атты», – деп мәлімдеді.

Олар кейбір адам шығыны болғанын растағанымен, Газа тарапынан айтылған құрбандар саны Израиль әскери тергеуіндегі деректерден әлдеқайда жоғары.

Аштық пен эвакуация

Соңғы апталарда гуманитарлық көмек тарату орындарының маңында жүздеген палестиналық қаза тапты. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері Газа тұрғындарының аштықтан көз жұмған оқиғаларын да тіркеген.

Израиль билігі бұған дейін босқындар лық толы аудандарда эвакуация жүргізу туралы жаңа бұйрықтар да шығарған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.