Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталады, бірақ кейбір елдерде сәл ертерек бітуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-та COVID-19 коронавирусы қыркүйектің екінші онкүндігінде жоқ болады, ал Ұлыбританияда бұл сәт ертерек - тамыз айының соңында болуы мүмкін.
Ғалымдар жағдай үнемі өзгеріп отыратындықтан, мәліметтер өте дәл болмауы мүмкін екенін атап өтті.
"Оқырмандар кез-келген болжамды сақтықпен қабылдауы керек. Кейбір болжамдарға негізделген шамадан тыс оптимизм қауіпті, себебі бұл алдын алу шаралары мен өзін-өзі оқшаулауды әлсіретеді, ал ол аурудың өсуіне әкеледі", - делінген хабарламада.
stan.kz