Ғылым министрлігі латын әліпбиін тағы да мақұлдамады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Футболдан ӘЧ-2026: Мессидің тарихи дублі Аргентинаға жеңіс сыйлады

Футболдан ӘЧ-2026: Мессидің тарихи дублі Аргентинаға жеңіс сыйлады
Футболшы Лионель Месси. Фото: Charlotte Wilson/Getty Images

Аргентина құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Австрия командасын жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды kznews.kz.

J тобындағы екінші тур ойыны Арлингтондағы (Техас, АҚШ) "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Алғашқы голды ойынның 38-минутында Аргентина құрамасының шабуылшысы және капитаны Лионель Месси соқты.

Екінші таймның қосымша бесінші минутында 38 жастағы шабуылшы дубль авторы атанып, есеп айырмасын ұлғайтты.

Осылайша, Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында бес гол соғып, сұрмергендер жарысында жеке дара көш бастап тұр. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарында 16 гол соққан неміс футболшысы Мирослав Клозені басып озып, жаңа рекорд орнатты. Қазіргі уақытта аргентиналық шабуылшының еншісінде 18 гол бар.

Бұл жеңістің арқасында Аргентина құрамасына мүмкін болған алты ұпайды түгел жинап, топта көш бастады.

Австрия үш ұпаймен екінші орында тұр. Әлі ұпай еншілемеген Иордания мен Алжир екінші турдағы кездесуін 23 маусымда Қазақстан уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де өткізеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.