KZNews.kz
Шоу-бизнес

Футбол рухы: «КешYOU» жаңа бейнебаянын «Қайраттың» командасына арнады

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Топ мүшелері клиптің үзінділерін әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялап үлгерді. Әншілер түсірілім барысында «Қайрат» клубының формасына түстес киім киіп, футбол алаңында ән шырқаған. Әннің негізгі идеясы – алматылық клубқа қолдау білдіру және жеңіске деген сенімді жеткізу.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: көпшілік жаңа туындыны жігер сыйлайтын ән деп бағаласа, кейбіреулері көріністі асыра сілтеу деп сынға алған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →