KZNEWS.KZ
Спорт

Франк Рибери бапкердің қолын алудан бас тартты

• Бауыржан

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Франк Рибери «Гертаға» қарсы ойында ауыстырып тастағаны үшін команданың бас бапкері Нико Ковачтың қолын алудан бас тартты.

Бұл Бундеслиганың 23-турындағы матч болатын. Кездесудің 58-минутында француздың орнына жартылай қорғаушы Кингсли Коман шықты.

Осы маусымда Рибери Бундеслиганың 17 матчына қатысып, төрт гол соқты.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →