Орталық Азия экономикасы: Қазақстан көшбасшылықты сақтап қала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Flydubai ұшағымен байланыс үзілді: бортта 174 жолаушы болған

Flydubai ұшағымен байланыс үзілді: бортта 174 жолаушы болған
Фото: news.sky.com

FZ1073 рейсі 30 қыркүйек күні таңертең Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына бағыт алған. Ұшақ белгіленген бағыт бойынша ұшып келе жатқан кезде алдымен төтенше жағдайды білдіретін 7700 кодын жіберген.

Flydubai әуе компаниясының Дубайдан Тель-Авивке ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде апаттық сигнал беріп, бағытын өзгерткен. Оқиғаның нақты себептерін қауіпсіздік қызметтері анықтап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Кейін әуе кемесінен 7500 коды берілгені туралы ақпарат тарады. Бұл код әдетте ұшақты басып алу немесе әуе кемесіне заңсыз араласу жағдайларында қолданылады. Алайда мұндай жағдайдың болғаны әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Flightradar24 сервисі ұшақтан 7700 коды берілгенін растаған. Ал 7500 сигналына қатысты ақпараттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

The Times of Israel басылымы қауіпсіздік қызметтеріндегі дереккөздерге сүйеніп, Израиль әуе кеңістігіне жойғыш ұшақтар көтерілгенін хабарлады. Сонымен қатар Израильдің «Вести» басылымы FZ1073 рейсінің бортында 174 жолаушы болғанын жазды.

Израиль қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз ұшақтың басып алынғаны туралы нақты ақпарат жоқ екенін атап өткен.

«Ұшақтың басып алынғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Әзірге ұшқыш апаттық сигнал бергені белгілі. Ұшқышпен байланыс орнату мүмкін болмай тұр, бұл алаңдатып отыр», – деді дереккөз.

Бастапқы жоспар бойынша ұшақ Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 09:10-да, яғни Астана уақытымен 11:10-да қонуы тиіс болған.

Алайда әуе кемесі биіктігін төмендетіп, бағытын Сауд Арабиясы жағына өзгерткен. Ұшақтың нақты қай жерге қонғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Оқиғаға байланысты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац қауіпсіздік мәселелері жөнінде шұғыл кеңес өткізіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.