Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Филиппинде мешітте жарылыс болды

Филиппинде мешітте жарылыс болды

Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Филиппиннің Минданао аралында орналасқан Замбоанга қаласындағы мешітте граната жарылып, төрт адам зардап шексе, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Ал, Rappler порталының мәліметінше, дін қызметкерлері мешітте отырған сәтте, белгісіз біреу ғимарат ішіне граната лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілсе, әзірге олардың хал-жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Тіпті, оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер жарияланбады. Бұған дейін 27-қаңтар күні Филиппиннің Хало қаласында (Сулу провинциясы) кафедральді жиналыстан соң жарылыс болған еді. Ол оқиғада 20 адам тіл тартпай кетсе, 111 адам ауыр жараланды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, аталмыш жарылыстардың барлығын Қазақстанда тиым салынған «Ислам мемлекеті»  террористік тобы өз мойнына алды.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар