
Facebook неге істен шыққаны белгілі болды
Инженерлер Facebook әлеуметтік желісі істен шығуына маршрутизаторлар баптауындағы қате өзгерістер себеп болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Біздің инженерлер мәліметтерді өңдеу орталығы аралығындағы желі трафигінің координациясын бақылайтын магистралдық маршрутизаторлардың баптау өзгерістері проблемаға ұшыратқанын және байланысты үзгенін анықтады. Желі трафигіндегі бұл ақау біздің деректерді өңдеу орталығының байланыс жолына сатылы әсер етіп, бұдан біздің қызметтер жұмыс істемей қалды", - делінген Facebook инженерлерінің сайтында.