Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Еуропада Димаш Құдайбергенге арнап радиобағдарлама жарық көрді

Еуропада Димаш Құдайбергенге арнап радиобағдарлама жарық көрді
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Бельгиядағы «Mcsradio Aywaille» эфирінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы бағдарлама өтіп, оның өнер жолы жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстанның мәдениеті мен қазіргі келбеті де кеңінен насихатталды., деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарламаны жүргізушілер Кристиан Филе мен Никки ұйымдастырған. Эфирге Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің дипломаты Рахат Нұрғалиев, KU Leuven студенті Исламбек Сман, домбыра үйреніп жүрген бельгиялық жас Лукас Моммер, сондай-ақ фан-клуб мүшелері Анн Де Грааф мен Венди Мразек қатысты.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, эфир барысында Димаштың 16 әні орындалды. Қатысушылар әншінің шығармашылық жолын, ерекше вокалдық мүмкіндігін және халықаралық жетістіктерін кеңінен талқылады.

Сонымен бірге тыңдармандарға Қазақстан туралы жан-жақты ақпарат беріліп, мемлекеттік тудың мәні, домбыраның тарихы мен мәдени маңызы таныстырылды. Ел бай мәдени мұрасы бар әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде сипатталды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.