Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Есімі – Атазаң" – Маңғыстаулық келіншек тоғызыншы баласына ерекше есім қойды

"Есімі – Атазаң" – Маңғыстаулық келіншек тоғызыншы баласына ерекше есім қойды

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында тоғызыншы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сәбиге Атазаң есімі берілді. Жаңа туған нәресте — отбасындағы тоғызыншы бала. Ұл бала салмағы 4130 грамм, бойы 57 сантиметр. 

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Сәбидің дәл осы күні дүниеге келуі отбасы үшін ерекше әрі символдық оқиға болды. 

Ата-анасы ел үшін маңызды күнде ұлдарының өмірге келуі өздері үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. Перзентхана дәрігерлері ата-ананы отбасының толығуымен құттықтап, сәбиге мықты денсаулық, амандық және бақытты балалық шақ тіледі.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында ана мен баланы қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Көпбалалы отбасыларға түрлі әлеуметтік көмек пен қолдау түрлері көрсетіледі.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.