"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Есіл ауданында селфидің соңы қайғылы аяқталды

Есіл ауданында селфидің соңы қайғылы аяқталды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Есіл өзеніне ағып кетті

ПЕТРОПАВЛ, 31 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында ер адам балаларды құтқарамын деп суға батып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға отбасы Есіл өзенінің жағасында демалып жатқан кезде болған. Екі жасөспірім қыз тоғыз жасар інісімен бірге суда селфи жасаған. Бір кезде оларды қатты ағыс шайып кеткен.

"45 жастағы әке суға сүңгіген. Ол балаларды құтқарды, алайда ағысқа төтеп бере алмай, өзі батып кетті", - деп хабарлады ТЖД.

Осы аптада Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында үш адам көз жұмды.

"Олардың қатарында жеке құтқару құралдарынсыз балық аулауға шыққан Аққайың ауданының 69 жастағы тұрғыны бар. Ал екі күннен кейін осындай оқиға Қызылжар ауданында болды, онда 31 жастағы ер адам батып кетті. Олардың денесін судан жедел құтқару тобының қызметкерлері шығарды", - деп атап өтті ведомство.

Құтқарушылар аймақ тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін тағы бір рет ескертеді: тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, мас болып суға түспеңіз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан