Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Есі дұрыс емес дейтін: Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ерғалиева туралы

Есі дұрыс емес дейтін: Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ерғалиева туралы
Ашық дереккөзден

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі марқұм әнші Мәдина Ералиеваның шығармашылық жолындағы ерекше орны туралы айтып, көпшілік біле бермейтін естелігімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Композитордың айтуынша, оның өнердегі танылуына Мәдина Ералиеваның қосқан үлесі орасан.

«Мәдина Ералиева болмағанда, мені ешкім танымас еді. Мәдина менің әндерімді шырқап, жұлдызымды жақты. Ол менің әндерімді айтқанға дейін жұрт мені "есі дұрыс емес, көктемде, күзде арқасы қозады" деп келеке ететін. Ал Мәдина әндерімді орындағаннан кейін адамдардың маған деген көзқарасы түбегейлі өзгерді», – деді Қалдыбек Құрманәлі.

Композитор өнердегі алғашқы үлкен табыстары мен халыққа танылуын Мәдина Ералиеваның есімімен байланыстыратынын атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.