KZNews.kz
Басты тақырып

Ержан Еркінбаев жаңа қызметке тағайындалды

KZNEWS

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Еркінбаев Ержан Мәлікұлы мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер лауазымынан бастаған. Жеке компанияларда жоба жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары