Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөздерден

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметіне тағайындалды.

Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын бұқаралық ақпарат құралдарында бастап, «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Egemen Qazaqstan» секілді іргелі басылымдарда тілші болып жұмыс істеген. 2008–2011 жылдары «Ана тілі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Кейін «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі болды.

2018–2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде еңбек етті.

2019 жылы Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 2021–2023 жылдары Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдан осы уақытқа дейін Президенттің баспасөз қызметінде, Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жаңа қызметінде Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» құрамындағы республикалық басылымдардың жұмысын үйлестіреді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.