Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ертеңнен бастап өзіңді коучпын деп айта салу мүмкін болмайды - Аймағамбетов

Ертеңнен бастап өзіңді коучпын деп айта салу мүмкін болмайды - Аймағамбетов
Informburo.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елімізде коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, 14 ақпаннан бастап коучинг қызметі мемлекет тарапынан реттелетін мамандыққа айналады.

«Ертеңнен бастап өзіңді коучпын деп айта салу мүмкін болмайды. 14 ақпанда елімізде коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енеді. Енді бұл жай ғана сән немесе BIO-дағы әдемі сөз емес, мемлекет реттейтін мамандық», – деді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың атап өтуінше, енді коучтарда білімі мен біліктілігін растайтын арнайы құжаттар болуы қажет. Сонымен қатар бірқатар кәсіби талаптар енгізіледі.

Осылайша, коучинг саласында қызмет көрсету талаптары нақтыланып, сапаны арттыруға бағытталған жаңа реттеу тетіктері іске қосылады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.