Ертегілер еліне саяхат 1 сынып
27.01.2019
06:28
0
1

1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау; 2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Мақсаты:
Таңғы жиын:
-Қандай ертегі еліне келдік? -Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме?-Қарлығаш балапандарын құтқаруға нелерден көмек сұрайды? -Қарлығашқа не көмектеседі? -Дәуіт қандай дос? -Қарлығаш қай мезгілде ұшып келеді? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Кім көктем туралы тақпақ біледі? -Көктемде қандай құстар ұшып келеді? -Құстар туралы кім тақпақ, мақал-мәтел біледі?
Дидактикалық ойын: «Құстарды ажыратып, орналастыр» Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Қарлығаш болып ұшайық, Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ болып тоқиық.
-Балалар қандай ертегі еліне келдік?-Жыл басына қанша хайуанаттар таласқан?-1 жылда неше ай бар?-12 айды кім атап береді?- 12 жылды кім атап береді?- Жыл басын ең бірінші көрген кім? Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайық. Ең алдымен сөйлем құрайық. -Неше сөзден құралып тұр?- Неше буын бар?Дыбыстық талдау жасайық. -Дыбыс дегеніміз не?-Дыбыс нешеге бөлінеді?-Кім атап береді?
ЖЫЛАН
ИТ
ҚОЯН
Тапсырмалар.1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
4.Кім санамақ біледі?5. Ауыр және жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды ажырат.6. Қандай таңбаларды білесің?
7.Мына суреттер қандай пішіндерден құралған?
Логикалық есептерді шеш:1.Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар. Қорапқа кірді біреуі, Артынан кетті екеуі, Тығылды сонда нешеуі? 2.Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті.Барлығы қанша қалды?
«Менің сезімдерім»
Сабақты қорытындылау:-Бүгін біз қайда саяхат жасадық?-Бірінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық? Екінші қандай ертегіге кездестік? - Онда қандай тапсырма орындадық? -Үшінші қандай ертегіге кездестік?-Онда қандай тапсырма орындадық? -Өз сезімдерімізді қалай білдірдік?Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ