Қоғам

Ермұрат Бәпи: “Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін”

Ермұрат Бәпи: “Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін”
Фото: ашық дереккөз

Белгілі депутат, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Астанада өткен әскерде қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналарының наразылық шеруіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Bairaq Media басылымының журналисіне сұхбат барысында айтты.

Депутаттың айтуынша, аналардың наразылығы кездейсоқ емес және оның артында елдің қорғаныс қабілетіне әсер еткісі келетін белгісіз топтар тұруы мүмкін.

«Жазу жазып, плакат ұстап шыққаннан кейін, әрине, мұны ұйымдастырған күштер бар. Меніңше, бұл күштер Қазақстан әскерінің қорғаныс қабілетін әлсіретуді көздеп отыр», – деді Ермұрат Бәпи.

Еске салайық, 10 қараша күні Астанада әскерде жүрген ұлдарынан айырылған немесе қызмет барысында жарақат алған бір топ ана Үкімет үйінің алдына жиналған болатын. Олар Қорғаныс министрлігінде реформа жүргізуді, жапа шеккен отбасыларға әділ өтемақы төлеуді және әділ тергеу жүргізуді талап еткен.

Журналистер тарағаннан кейін, жиынға қатысқан алты адамды құқық қорғау органдары ұстап, полиция бөліміне жеткізгені хабарланған.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға назар аударып, Бас прокурорға аналардың арыз-шағымын мұқият қарауды тапсырған.

Ермұрат Бәпи сұхбатында бұған дейін де айтып жүрген ұстанымын қайталап, «әскерде жүйелі әлімжеттік жоқ»деген пікірін тағы да айтты.

«Біз өз азаматтарымызды отан қорғауға, еркек болуға тәрбиелеуіміз керек. Әскердегі өлім-жітімді жүйеден емес, отбасындағы тәрбиеден іздеу керек», – деді депутат.

Айта кетейік, соңғы уақытта әскер қатарындағы сарбаздардың өлімі мен жарақаттануы қоғамда жиі талқыланып, ата-аналар әскери тәртіп пен қадағалау жүйесіне алаңдаушылық білдіріп келеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz