"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ермек Тұрсынов Татарстан киносы туралы айтты

Ермек Тұрсынов Татарстан киносы туралы айтты

"Еуразия" кинофестивалі аясында жергілікті көрермен татарстандық екі толықметражды және екі қысқаметражды фильм тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. 15-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аясында Татарстан киносы күндері басталды.

Сейсенбі күні Рабит Батулланың "Кешір мені, ана" атты пьесасының желісі бойынша түсірілген  "Инсаф" толықметражды көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Режиссері - Фарида Давлетшина. Сондай-ақ, киносүйер қауым Гаяз Исхаки туындыларының негізінде түсірілген "Остазбикэ" қысқаметражды фильмін тамашалады. Туындыны режиссер Ренат Каримов-Сайга түсірген. 

Жұма, 5 шілдеде режиссер Юлия Захарованың "Халима" және Амир Галиаскаров пен Насур Юрушбаеваның "Отчий дом" көркем фильмі көрсетіледі ("Ханшатыр" ОСО, "Чаплин" кинотеатры, Тұран даңғылы, 37).

© Sputnik / Ксения Воронина

Режиссер Ермек Тұрсынов Татарстан киносы фестивалінде

"Татарстанмен бұрыннан бері жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Сондықтан бізде татар киносы күндерін өткізу артық болмайды деп шештік. Татарстанның киноиндустриясы қызық, көрсетерлік туындылары жетерлік. "Татарлармен" мұнда ешкімді таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз деп ойлаймын", - деді "Еуразия" кинофестивалінің президенті Ермек Тұрсынов.  

Тағы оқыңыз: Еуразия кинофестиваліне Голливуд жұлдызы келеді

Оның айтуынша, биыл "Еуразияға" деген қызығушылық арта түскен.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан