Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің қызын 1-сыныпқа әкесінің әріптестері ертіп барды

Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің қызын 1-сыныпқа әкесінің әріптестері ертіп барды

Алғашқы қоңырау күні батырдың қызына қолдау білдірген әріптестері оны мектепке апарып, қуанышын бірге бөлісті. Кейін олар Асқар Забикулиннің есімі берілген өрт сөндіру бөліміне барып, батырдың ескерткішіне тағзым етіп, еске алу бұрышымен танысты.

«Батырдың ұрпағына көрсетілген қамқорлық – Асқар Забикулиннің ерлігі мен адалдығына деген құрметтің жарқын үлгісі», – делінген ведомствоның ресми жазбасында.

Марқұмның жары да бұл күннің отбасы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

«Менің кішкентай ханшайымым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сынып оқушысы атанды. Бұл – оның үлкен өмірге, білім мен арманға апарар алғашқы қадамы. Әкесі жанында болмағаны үшін жүрек сыздайды… Бірақ ол әрқашан қызымыздың жүрегінде, қасында. Әкесі оны мақтан тұтатынына сенімдімін. Бүгін бізге ол жетіспеді, бірақ қызымыз арқылы өмір сүріп, бізге күлімдеп тұрғанын сеземін», – деп жазды ол.

Сонымен қатар ол Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне және халыққа қиын сәттерде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.