Ер адам:
- Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай...
- Дүкеннен не аламын?
- Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым...
Әйел адам:
- Бала жылап қалмады ма екен?
- Кешегі ісігі қайтты ма екен?
- Балабақшадан кім алды екен?
- Бүгін балабақшадан тамақ жеді ме екен?
- Жаурап қалмады ма екен?
- Күйеуім жұмыстан келіп қойған да шығар...
- Қарны аш шығар, не тамақ істеп берсем екен?
- Әлде тамақ жеп келді ме екен? Бірақ қайдан жейді?!
- Таңертең кірді жаймай кетіппін, иісі шығып қалған шығар...
- Мұздатқыштағы етті шығарып қоя сал демеппін ғой. Ол енді қай уақытта ериді?
- Ертең бүгіннен де ерте тұрып, шығу керек!
- Фериха қайтер екен? (Сериал кейіпкері)
- Кіре беріс шашылып жатқан шығар...
- Қоқысты төгуді де ұмытыппын...
- Телефонымның қуаты таусылайын деп тұр.
- Ертең биік аяқ киім кимеймін, аяғым бүгін әбден ауырды.
- Мына күртешемді бүгін жуа салайын. Жоқ, ертең жұма ғой. Ертең жуайын. Жоқ, сенбі жусам да дүйсенбіге дейін кебеді ғой.
- Үйде нан бар ма екен?
- Телефоным да өшіп қалды-ау...
- Үйді бүгін бір тазалап алайын.
- Тамақтарын беріп болған соң, суға түсіп алайын.
- Бүгін – шашыма балдан маска жасайтын күнім.
- Тамақ қалса, жұмысқа салып әкетіп жүрейін. Әйтпесе күн сайын түскі асқа кем дегенде 500 теңге кетеді екен.
- Мына маршруттың ішінен жағымсыз иіс шыға бастады.
- Осы аялдамадан түсіп қалып, ана дүкенге кіріп шығайын.
- Мына қыздың сөмкесі әдемі екен.
- Кептелістен де шаршадым...
Аталған ойларға келісесіз бе? Әлде сіздің де бұған алып-қосарыңыз бар ма?