KZNEWS.KZ
Спорт

Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан қола медаль еншіледі

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды kznews.kz

Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.

Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Қазақстанға тоғызыншы алтынды сыйлады.



https://kaz.inform.kz/news/erlan-tasmagambetov-batuttagi-gimnastikadan-kola-medal-enshled-91ac4f6f

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →