Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды kznews.kz
Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.
Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.
Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Қазақстанға тоғызыншы алтынды сыйлады.
https://kaz.inform.kz/news/erlan-tasmagambetov-batuttagi-gimnastikadan-kola-medal-enshled-91ac4f6f