Саясат

Ерлан Қошанов министрлерді сөгіп тастады

Ерлан Қошанов министрлерді сөгіп тастады
Фото: google.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов үкімет мүшелерінің депутаттар қойған сұрақтарға берген жауаптары көңілінен шықпағанын айтып, сынға алды. Мәжілістегі отырыста вице-премьер Қанат Бозымбаев депутаттардың өңірлерге сапары барысында тұрғындардан жиналған өтініштердің қаралуы жөнінде есеп берген еді. Министрлер де жауап беруге қатысқанымен, олардың мәліметтері Мәжіліс төрағасын қанағаттандырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қошановтың айтуынша, Үкіметтің бірқатар жауабы жалпылама сипатта болып, нақты деректер мен шешімдер көрсетілмеген.

«Бүгін көптеген сұрақ қойылды, ұсыныстар айтылды. Бірақ Үкіметтің бірқатар жауабы мардымсыз болды. Нақты сұрақтарға жалпылама, сырғытпа жауаптар берілді. Фракция жетекшілері де бұл мәселені қатты сынға алды. Бұл — өңірлерге барғаннан кейін Үкіметке жіберілген, тұрғындар көтерген мыңдаған талап-тілектер. Өкінішке қарай, нақты жауап ала алмадық. Келесі жылдың басында бұл мәселелер тағы қаралады, біз нақты нәтиже күтеміз», — деді спикер.

Қошанов сонымен бірге министрлерге аймақтарға жиі барып, жергілікті жердегі мәселелерді өз деңгейінде шешуді міндеттеді. Оның айтуынша, өңірлерде шешімін күтетін сұрақтар өте көп және бұл бағыттағы жұмыс кешіктірілмеуі тиіс.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz