Еркін Тұқымов қызметінен босатылды

Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған болатын.
Білімі:
1992-1997 жж. – Варшава университетінің Халықаралық қатынастар институтын бітірген (Польша);
2014-2026 жж. – Гарвард университетінің Джон Ф. Кеннеди ат. Мемлекеттік басқару мектебінің мемлекеттік басқару магистрі (АҚШ).
Саяси ғылымдарының кандидаты (2004 ж.)
Қазақ, орыс, ағылшын және поляк тілдерін меңгерген.
Еңбек жолы:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкілі.
2022 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
2019–2022 жж. – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші уәкілі.
2018–2019 жж. – Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.
2016–2018 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы.
2010–2014 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы.
2008–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры.
2008 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары.
2007–2008 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық даму және талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2000–2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі.
1997–2000 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың аға ғылыми қызметкері.