"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Еркектің ұлы болмаса, шежіреге қыздың аты жазылады": Қазақта мұндай бар ма?

"Еркектің ұлы болмаса, шежіреге қыздың аты жазылады": Қазақта мұндай бар ма?
Фото: ғаламтордан

Журналист Ербол Мәндібек қазақ шежіресіне қатысты даулы мәселе туралы оқырмандарына сұрау салды, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өз парақшасында былай жазды:

"Ақиқатын айтыңыздарш. Осы сұрақ үшін төбелесуге дейін бардық. Қонақта отырмын. Бір білгіш айтады; 

"Егер еркектің ұлы болмаса, яғни әйелі ұл тумай, тек қыз туса, онда оның қыздарын шежіреге қосады"дейді. 

-Айналайын ау, қызды шежіреге қосқан қай қазақты көрдің? Не оттап отырсың? Сен сияқтылар дәстүрді бұзатын,- деп айқай салдым. 

Отырғандардың 90 пайызы мені қолдады. Бірақ анау аргумент айтып бет қаратар емес. 

"Ербол қойш болды, тыныш отырш. Қайтесің қырылып",-деп әйелім қара санымнан шымшып алды. Сосын оған; 

"Мейлі өзің білш, сенікі дұрыс, сен жеңдің",-деп ашуымды бастым. Хош. 

Ет жеп болдық. Шәй келді. Анау бөсуін тоқтатар емес. Сүт нағашы, түп нағашы деген ұғымдар ойлап тауыпты. Оның айтуынша, еркектің түп нағашысы әке жағынан есептеледі. 

"Түп нағашы деген әкеңнің жағынан есептеледі. Яғни, әкеңнің нағашылары ғана түп нағашы болады. Ал шешеңнің жағы әшейін сүт нағашы болады. Оларға аса қатты мән берудің қажеті жоқ",-деп соқты. 

Тағы шыдай алмадым. Мынаусы уже черезчур. 

"Жүрш далаға иоппашамайт, жағыңды айыратын біреу екенсің",-деп ішімнен тістеніп отыр едім, әйелім тағы да шымшып алды. Сөйтіп бір жерімді қысып тыныш отырмын. Анау бөспе аузы көпіргенше әкетіп жатыр. 

Тарихшы, құсбегі, шежіреші еше беташаристпін дит. Тіпті сөзге төр беретін түрі жоқ..." - деп жазды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.