Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еркебұлан Сейдахмет Латвияға қарсы матч алдында жарақат алып қалды

Еркебұлан Сейдахмет Латвияға қарсы матч алдында жарақат алып қалды
Спорт

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Еркебұлан Сейдахмет жаттығу кезінде жарақат алып қалды, енді операция жасатуы керек

АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Sports.kz басылымына Ұлттар лигасындағы Латвия командасына қарсы матчқа дайындық туралы айтып берді.

Бас бапкер сұхбаты барысында бірнеше футболшының матчқа қатыса алмайтыны туралы хабарлаған.

"Евгений Постников, Дима Шомко және Ян Вороговский жарақатына байланысты қатыса алмайды. Сонымен бірге Еркош жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Өте өкінішті, үш айдай емделуге тура келеді, операция жасатуы тиіс. Ертең операция жасату үшін Германияға кетеді. Оның орнына кімді шақыратынымызды ойлаймыз. Перцух, Өміртаев және Антиповты шақырдық. Олар резервте болған еді", — деді Стоилов.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Латвия командасы туралы пікірімен де бөлісті.

"Латвия алғашқы ойында таңғалдырды. Команданың өскені байқалады. Нәтижесіне қарамау керек. Шабуыл жасағанда өздерін батыл ұстайды", — дейді бапкер.

Сөз соңында Станимир Стоилов біздің құраманың жақсы футбол көрсетіп, ойындағы өз стилін дамыту керектігін атап өтті.

Шетелде жүрген Еркебұлан Сейдахметті "Қайрат" сатып алады

Автор
Арман