KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті

Дархан Тоқан
Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Ерке Есмахан тұңғыш ұлы Муслимнің Алматыдағы халықаралық мектепке оқуға түскенін айтты. Бұл қадамға баланың әкесі Раймның «шетелде оқытамын» деген жоспары себеп болған, деп жазды Sn.kz.

Әншінің айтуынша, Муслим бұған дейін жазғы демалыста Англия мен Америкаға барып, оқып келген. Енді Райм баласын шетелдік білім беру жүйесіне біртіндеп бейімдеп, келешекте толықтай сыртта оқытуды көздеп отыр. Сонымен қатар ол ұлын үлкен баскетболға баулып, кәсіби деңгейде ойнауына мүмкіндік жасағысы келеді.

Осы мақсатта жаңа жыл қарсаңында барлық пәнді ағылшын тілінде оқытатын халықаралық мектепке арнайы барып, тест тапсырған. «Бағын сынап көрейін, түсіп кетер» деген оймен барған отбасы үшін нәтиже күтпеген қуанышқа айналған. Тест қорытындысы жаңа жылға жақын шығып, Ерке Есмахан 31 желтоқсан күні баласына ерекше тосын сый жасағанын жеткізді.

Әнші ұлының оқуына қажетті құрал-жабдық та алдын ала қамдалғанын айтады: сабаққа су жаңа MacBook алып берген. Сондай-ақ мектепте форма талабы жоқ, оқушылар еркін киім үлгісімен жүре алатынын да атап өтті. Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, Муслимге сәттілік тілеп, ата-ананың мақсатын қолдаған.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары